Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ Ислам ұйымы түрік еліне жүлде тапсырды

19.10.2015 4264 0 пікір

АҚШ-ның аса ірі исламдық ұйымдарының бірі «Америка-Ислам қатынасы кеңесі» (CAIR) «Гуманитарлық көмек – 2015» жүлдесін түрік еліне тапсырды. Бұл жайында «Анадолу» ақпарат орталығы хабар таратты.

Түрік еліне бұл жүлде 2011-жылдан бастап 2 000 000-ға жуық сириялық босқындар мен Ирактан қашқан 200 000 жанға баспана болып отырғаны үшін беріліп отыр. Салтанатты шарада «Гуманитарлық көмек –2015» номинациясының жеңімпазы Түркия екені хабарлағанда залдағылардың тік тұрып қошамет қылғаны айтылады. «Америка-Ислам қатынасы кеңесінің» айтулы жүлдесін Түркия мемлекетінің елшісі Сердар Қылыш қабылдап алды.

«БҰҰ-ның Жоғары комиссариатының деректері бойынша, Түркия – әлемдегі ең көп босқындарды паналатқан ел. Түрік елінің төрт жыл ішінде паналатқан босқындардың саны АҚШ-ның 30 жыл көрсеткішіне дәл келеді. Сондай-ақ, біздің елімізде дініне немес ұлтына қарап алалау да жоқ. Қазіргі уақытта түрік елінде тұрып жатқан босқындардың ішінде ассириялықтар, армян, күрділер, езидтар, алавиттер мен шииттер дебар», – деді ол өз сөзінде.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру