Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жас жұбайлар үйлену тойында 225 босқын отбасын тамақтандырды (ФОТО)

14.10.2015 4286 0 пікір

Молодожены из Ирака накормили 225 семей в день свадьбы

Жұптары жарасқан Мұстафа әл-Суфи есімді 26 жастағы ветеринар мен Алла Малат есімді 24 жастағы биолог осындай қайырымдылығымен көпке ой салып, үлгі көрсетті. 

Молодожены из Ирака накормили 225 семей в день свадьбы

Жас жұбайлар тек азық-түлік әкеліп қана қоймай, киім-кешек пен жамылғы таратты. Бұған қоса, әр балаға 24 шөлмектен сүт таратты. 

Молодожены из Ирака накормили 225 семей в день свадьбы

«Барлық азықты өз қолымызбен тараттық. Егер мұны өзіміз істемесек, біздің көмегіміз тиісті жеріне жетпейді», - деді жас жұбайлар.

Айта кетейік, Ирактың Анбар провинциясынан ИСИМ содырларының лаңынан қашқан мыңдаған адам босқындар лагерінде тұрып жатыр. Жас жұбайлар осы босқындарға қолұшын созды.

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру