Солтүстік Каролина (АҚШ) штатындағы Чапел-Хилл қаласында алғашқы мешіт ашылып, мұсылмандарға қуаныш сыйлады. Қаладағы діни азшылықты құрайтын мұсылман жамағатының қалада құлшылық ордасының салынуын сұрап жүргендеріне бес жыл уақыт болған көрінеді.
Қазіргі уақытта шаһарда 50-ден астам шіркеу, еврей синагогасы және екі буддалық ғибадатхана бар көрінеді. Алайда, алғашқы мешіт енді ғана ашылып отыр. Кездескен кедергілер мен қиындықтарға қарамастан қаладағы жүзге жуық мұсылман жамағаты осы кезге дейін құлшылықтарын жергілікті шіркеулердегі бөлмелерде өтеп келген. Ара-тұра көрші қаладағы құлшылық ордаларына барып тұратынбыз дейді кейбірі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2015
4244
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру