Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарияның дұғасы қажылықта қабыл болды

02.10.2015 4106 0 пікір
Қарияның дұғасы қажылықта қабыл болды

Қажылық парызын орындауға келген палестиналық қарияның дұғасы қасиетті мекеннен ұзамай қабыл болды. Қасиетті Қағба түбінде ол осыдан 70 жыл бұрын көз жазып қалған бауырымен қауыштыруды тілеген көрінеді.

Фатима әл-хард осы дұғасынан соң туған бауырымен тура осы қасиетті мекенде жолығып, көзайым болған.

«Оны енді көремін деп ойламайтынмын. Бірақ, үміт үзілмейді емес пе?! Құдіретті Алла тілегімді қабыл алып, онымен қауыштырып отыр. Оның жұбайы мен балаларын да көрдім. Төбем көкке жеткендей болып тұрмын», – дейді ол. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру