Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Н.Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасады

29.09.2015 4164 0 пікір
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында әлемдік саясатқа қатысты жалпы пікірталаста сөз сөйледі. Елбасының БҰҰ тарихында халықаралық мінберде тұңғыш рет қазақ тілінде баяндама жасауы  ерекше есте қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады. Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды. Сол үшін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөнінде бастама жасалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық құқық қағидаттарын жаһандық саясаттың барлық қатысушылары сақтауы маңызды екенін атап көрсетті және 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру идеясын жариялады. Соңында Қазақстан Президенті терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, жасыл технологияларды дамыту, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне тоқталды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру