Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман оқушы ақүй шақыртуын меккеден келгесін қабыл алмақ

24.09.2015 4240 0 пікір

Мұсылман оқушы Ақүй шақыртуын Меккеден келгесін қабыл алмақ

Естеріңізде болса АҚШ-тың Техас штатында Ахмед есімді оқушының қолдан жасалған сағатына қатысты туған уақиғадан соң өнертапқыш балаға әлем таныған тұлғалар тарапынан жылы пікірлер айтылған еді. Ал Facebook корпорациясының бас директоры Марк Цукерберг пен АҚШ басшысы Барак Обама Ахмедті өзіне қонақ болуға шақырған да болатын.

Баланың ғылыми құлшынысы мен ынта-жігеріне лайықты марапат жасаудың орнына мұғалімдер құқыққорғау органдарын шақырып, қолына кісен салдырған. Алайда, белгілі тұлғалардың назарын аударған оқушының өнертабысы істі алысқа ұзатпай, баланы босатты. Ахмедтің әкесі Мұхаммед әл-Хасан болған уақиғадан соң балаларының барлығын аталмыш мектептен шығарып алды. Қазіргі уақытта әл-Хасанға өз мектептеріне балаларын оқытуға алып келуін өтінуші білім мекемелері де көбейді.

Бірақ, оқушы Ахмед бұл ұсыныстардан әзірше бас тартып отыр. Ол аздаған уақыт өзіне демалыс алуды жөн көрген. Бүгін Ахмедтің отбасы Нью-Йоркке ұшып келіп, онда БҰҰ жоғары лауазымды өкілдерімен кездеспек. Онан соң әкелі-балалы Меккеге аттанбақ. Алға қойған сапарларынан оралғаннан кейін барып Ақүй басшысы Барак Обамамен кездесу жоспарланған.

Жаңа сағат түрін ойлап тапқан Ахмедтің қамауға алынуы әлемдік БАҚ пен интернет желілері кең тарап, Барак Обаманың өзі Ахмедті Ақүйге қонаққа шақырды. 

 

E-ISLAM 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру