Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ланкес»-оқушы Ақүйден шақырту алды.

18.09.2015 4419 0 пікір
Оқушы-«террорист» Обамадан шақырту алды

Мектепке әкелген қолдан жасалған электронды сағаты жарылғыш құрылғы деген күдікпен қамауға алынған Ахмед Мұхаммед есімді оқушы АҚШ президенті Барак Обаманың Ақ үйіне мемлекет басшысының өзінен шақырту алды. Бұл туралы The Daily Mail хабар таратты.

14 жасар мұсылман оқушының басынан өткен оқиға кеше бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Ахмед мұғалімдерін өзі жасаған сағатпен таң қалдырмақ оймен өнертабысын сабаққа алып келеді. Алайда, жылы лебіздің орнына оның қолына кісен салынып, полиция учаскесінен бір-ақ шыққан.  Оқытушылар құрылғының дыбысын жарылғыш затына ұқсастырған, алайда, бұл жай ғана электронды құралдардан жасалған сағат еді.

Осы оқиғадан соң АҚШ басшысы Барак Обама өзінің әлеуметтік парақшасына: «Керемет сағат, Ахмед. Оны Ақүйге әкелгің келмей ме? Біз сен секілді ғылымға қызыққан балаларға қолдау білдіруіміз керек» деп жазған.

Істің мән-жайы анықталғаннан кейін Ахмед баспасөз конференциясын өткізіп, туындысына қызығушылық танытып, қолдау білдірген Б.Обама, Хилари Клинтон мен Facebook бас директоры Марк Цукербергке алғыс айтты.

Айт кетейік, Ахмед Мұхаммедке алғашқы кезде мектепке жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратты деген айып тағылған болатын. Бірақ, әлемге аты белгілі тұлғалар ортасында үлкен резонанс туғаннан кейін, айып алынып тасталды.

Ал Цукерберг өз мәлімдемесінде Ахмедті өзінің Facebook кеңсесіне қонақ болып келуге шақырып, ұсыныс тастады.

«Сіздер Техас штатындағы Ахмедтің басынан өткен оқиға жайлы естіген боларсыздар. Оның ойлап тапқан сағатын алып қойып, өзін қамауға алған. Өзі ізденіп, жаңалық ашуға талпыныс жасаған дарынды балалар қамауға емес, қошеметке лайықты. Болашақ осы Ахмед секілді балалардың қолында» деген Марк Ахмедке арнайы ұсынысын айтты. «Егер сен менің Facebook кеңсеме келер болсаң – сенімен кездескеніме қуанышты болар едім. Талаптана бер» дейді Марк Цукерберг. 

e-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру