Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зейнеткер өз ауласында Тәж-Махал көшірмесін тұрғызды

18.09.2015 4457 0 пікір
Үндістан мемлекетінің тұрғыны Файзул Хасан Квадри өз аулаcында атақты Тәж-Махал кесенесінің кішірейтілген көшірмесін тұрғызды. Сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақал бұл жұмысы үшін өзінің бар жиған 170 мың доллар қаржысын жұмсаған көрінеді. Ол өзінің бұл жұмысын 53 жыл отасқан әйелінің құрметіне арнадым дейді.

Марқұм әйелінің атынан тұрғызған Тәж-Махал құрылысы оның үш жыл уақытын алған көрінеді. Біиктігі 8 метр болатын Тәж-Mахал бүгінде толықтай салынып біткенімен, ішкі жұмыстары әлі аяқталмаған. Сондай-ақ, кесене айналасын саябаққа айналдыру жоспары тағы бар. Бұл жұмыстарға тағы да жалпы көлемі 100 мың долллар қажет болуы мүмкін дейді. Квадридың айтуынша, құрылыс жұмыстары алғашында жер телімінен түскен 92 мың долларға жасалған. Бұдан соң ол әйелінің әшекей заттарын сатқан көрінеді.

«Маған қаржылай көмек көрсетуге ықылас танытқандар да болды. Мен бас тарттым. Бұл менің қайтыс болған әйеліме берген уәдем. Сондықтан да барлығын өзім атқаруым тиіс», – дейді ол.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру