
Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдулазиз Харам мешітіндегі апаттан қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы ретінде миллион риал (267 мың доллар) төленетінін мәлімдеді. Ал, жарақат алғандарға 500 мың риал (133,5 мың доллар) көлемінде көмек көрсетіледі.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиға 110 жанның өмірін қиған. Түрлі дәрежедегі жарақат алғандардың саны – 235.
Қазіргі уақытта Харам мешітінде қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданған. Мешітті аумағын кеңейту жұмыстарына байланысты қазіргі уақытта 15 алып крандар жұмыс жасап тұр. Қажылық маусым кезінде Сауд Арабиясына 2 млн-нан астам адам келуі тиіс
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.09.2015
4260
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру