Тәжікстан мемлекетінде тұратын Норбиби Дустмуродова есімді әжей қажылыққа барсам деп 20 жыл бойы жиған ақшасын ақыр соңында қайырымдылық шарасына жұмсады. Бүгінде 80-нің сеңгіріне шыққан Норбиби әже барлық ақшасын өзінің туған ауылы Метк Ганчинскідегі қос көпірдің құрылысына аударған.
«Таулы аймақта тұратын біздің ауылдың тұрғындары үшін көктемгі сел мен толассыз жауатын жаңбыр уақытында қандай қиын десеңізші! Ойлана келе, қажылық рәсімін өтесем деп жинаған 105 000 сомани (шамамен 17 мың доллар) ақшамды көпір құрылысына жұмсап отырмын», – дейді қарт әжей.
Норбиби Дустмурадова бұл ақшаны 20 жыл бойы зейнетақасынын үнемдеп және қолындағы азын-аулақ төрт түліктің сүт-майын сатып жинаған көрінеді.
Согди облысының әкімшілігі әжейдің ақшасына құрылыс заттары сатып алынғанын, ал жұмыстың тегін жүргізілгенін хабарлап отыр. Қарияның қайырымдылығын естігіен жұмысшылар еңбектері үшін ақы алудан бас тартқан көрінеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.09.2015
4245
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру