Қырғыз имамдары жалақы алатын болды. Мемлекеттік комиссияның Дін істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Бақтыбек Османованың айтуынша, діни экстремизм профилактикасы үшін имамдарға жалақы төленуі керек. Осы мақсатта "Ыйман" деп аталатын арнайы қор құрылды. Имамдарға жалақы осы қордан төленетін болады. Мемлекеттің қазынасынан бірде-бір тиын шығын шықпайды. Имамдарға төленетін жалақы шығынын демеушілер көтеріп алады.
Сыйақыны аттестациядан және мемлекеттік тіркеуден өткен мешіттерде қызмет ететін имамдар ғана алатын болады. Бұған қоса, қырғыз медреселерінде діни іліммен қатар зайырлы білім беру жоспарланып отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.08.2015
4081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру