Американдық Ұлттық Футбол лигасының (NFL) ойыншылары, ағайынды Хусейн мен Хамза Абдуллалар өз еріктерімен таяуда өтетін бір жарысты ұйымдастырушылар ұсынған миллион доллардан бас тартып, қажылық жасау үшін демалыс алды.
Олардың айтуынша, қажылыққа рухани қажет-тіліктен бөлек, американдықтарға Исламды, мұсылмандардың төзімділігін насихаттау мақсатымен бара жатыр.
27 жасар Хусейн жергілікті NBC телеарнасына берген сұхбатында ағасы екеуі бала күнінен футболмен айналысып келе жатқанын айтқан. «Алайда футболдан да маңызды нәрселер бар. Ол рухани қажеттілік. Сондықтан біз мұсылмандық парызымызды өтеуді жөн санадық», – дейді ағайынды футболшылар.
Бүгінгі таңда құлқынның құлы болып, құлшылықты кейінге қалдырып жүрген кейбір жандар үшін Хусейн мен Хамзаның бұл әрекеті үлгі тұтарлық іс екені сөзсіз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.08.2015
4116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру