Шешенстанда Халал стандарты комитеті жанынан құрылатын жаңа Кеңес органы ислам қағидаларына сай өнім шығарушы кәсіпорындар мен тұтынушылар құқығымен айналысатын болады. Бұл туралы «Грозный-Информ» хабарлады.
Аталмыш кеңесті құру туралы шешім Халал стандарты комитетінің Шешенстан мүфтиятында өткізген жиынында тұтынушылардың құқықтарын бұзушы өндіріс орындары мәселелері мен халал азық-түлік өнімі тақырыптарына бағытталған жобаны талқылау барысында қабылданды.
Жаңа кеңес органы ислам қағидалары негізінде өндіріс орындарының мүдделерін қорғау мехнизмдерін жасау, осы өнімдерді тұтунышылардың құқығын қорғау, сондай-ақ «халал» белгісімен заңсыз өнім шығарушылардан ішкі нарықты қорғау бойынша жұмыстар жүргізбек.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.08.2015
3692
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру