Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пәтуа шығаруға байланысты халықаралық мүфтилер конференциясы өтпек

14.08.2015 3864 0 пікір

Алдағы аптада Каирде пәтуа шығаруға байланысты халықаралық мүфтилер конференциясы өтеді.

Бұл бас қосуға әлемнің 50 мемлекетінің мүфтилері мен пәтуа шығаратын ғалымдары қатысады деп жоспарланып отыр.

Конференцияда қандай да бір мәселе жайында діни пәтуаны кеңесе отырып бірлесіп, әрі бір шешімнің нәтижесінде барлық қоғамға лайықты бір пәтуа шығару мәселесі көтерілетін болады.

Сонымен қатар, ислам әлемінде болып жатқан бір мәселені әр елдің ғалымдары түрліше талдап, түрлі бағыттағы пәтуалардың шығарудың алдын алып, бір мәмілеге келу құжаттарына қол қою көзделмек.

E-ISLAM

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру