Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нобель сыйлығына ұсынылды

13.08.2015 3887 0 пікір
Құқыққорғау қозғалысының мүшелері мавритандық мұсылман әйелді Нобель сыйлығының 2015 жылғы мапаратына ұсынып отыр.

Аминету Минт Муктар өз елінің тарихында тұңғыш осы марапатқа ұсынылған адам. Осыған дейін Африка құрлығынан 3 әйел Нобель сыйлығына ие болған.

Мухтар өз өмірін адамдардың бостандығы мен құқығына, жұмысшыларды құлдыққа жегуге қарсы күреске арнаған. Бұдан бөлек, ол әйелдердің қызмет істеуіне 20 пайызға арттыруға заңнамалық тұрғыда күш салған. 2006 жылы мавритандық мұсылман әйел құқық саласындағы еңбегі үшін Франция үкіметі тарапынан, 2010 жылы АҚШ Ішкі істер министрлігінен арнайы марапатқа ие болды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру