Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Марокко королі діни білімді сырттан алмауға шақырды

04.08.2015 3670 0 пікір

Марокко Королі Мұхамед алтыншы өз халқына үндеу тастай отырып діни білімді сыртқы елдерден алмауға шақырды.Сонымен қатар қандай да бір сыртқы діни насихатқа алданбауға, елдің өзіне тән құндылықтарын сақтауға  шақырды.

Король 30 шілдеде халық алдында сөйлеген сөзінде: «Сырт елден келіп діни сабақ беруге және де уағыз-насихат айтуға ешқайсысың жол бермеңдер. Алайда, басқа дін өкілдеріне, сенімдеріне, ұстанымдарына қарамастан құрмет көрсетіңдер» деді.

Марокко елінде Ислам ресми дін болып саналады. Ондағы мұсылмандардың басым көпшілігі Мәлики мазхабы бойынша жүреді. Елдің Конституциясында діни сенім бостандығы алдыңғы қатарда қарастырылған. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру