Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үндістанда 180 млн мұсылман үмметі бар

03.08.2015 3774 0 пікір
Үндістанның жоғары шенді саясаткері үлкен ислами сүнниттік академия жетекшілерімен кездесу барысында елде 180 млн-нан аса мұсылман қауымы өмір сүретіндіктігін мәлім етті.

Бұл деректі Үндістан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Кеңесшісі доктор Арвинд Гупта апта басында «әл-Әзһар» Египет ислам университеті шейхі Ахмед Таибпен кездесуі барысында келтірді.

«Әл-Әзһар – әлем мойындаған халықаралық университет. Біз осы білім шаңырағымен әріптестікті арттырып, оның экстремизм мен терроризмге қарсы әдіснемелерін үйренуге ынталымыз» деп хабарлады А. Гупта.

Кездесу кезінде Үндістан саясаткері мен мұсылман дінбасы ислам әлемінің ИШИМ секілді террористік ұйымдармен жүргізілетін күресу туралы маңызды мәселелерді талқылады.

Ал Үндістанда бүгінде 10 млн мұсылман өмір сүреді. Бұл көрсеткіш Индонезия, сондай-ақ халқы тығыз қоныстанған ел саналатын Бангладеш мұсылмандары санына тең келеді екен. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру