Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман ерікті жастары 10жыл халыққа қызмет етіп келеді

03.08.2015 3621 0 пікір

Жастар мен балаларды қоғамдық жұмыстарға баулумен шұғылданып келген Техас мұсылмандар ұйымы Далластағы түрлі конфессия аралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып 10 жылдық мерейтойын өткізді.

«Біз расында осы жастарымызбен қуанамыз. Олар жарқын болашақ иелері» дейді Техас мұсылмандар қорының бас директоры Мона Кафил.

Техас мұсылман әйелдері қоры өзінің жастар қанатын осыдан 10 жыл бұрын ашып, жастардың қоғамдық әлеуметтік жұмыстарға араласуына жағдай жасап келеді. Түрлі жас деңгейіндегі ұлдар мен қыздарды жинап, бүкіл Даллас бойынша конфессияаралық ұйымдармен бірлесіп, қоғамдық жұмыстарды атқарып келеді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру