Вашингтон штаты Сиэтл қаласының мэрі ислам дінін ұстанушы халыққа ислам шариғатының нормаларына сәйкес келетін арнайы ипотека жүйесін енгізу мәселесі қаралып отырғанын хабарлады.
Бүгінде Сиэтлда баспанаға зәру 200-ден аса мұсылман отбасы тіркелген екен.
Қала әкімі Эд Мюррей қалыптасқан бүгінгі несиелік ипотека бойынша діни сеніміне байланысты үй ала алмай келе жатқан мұсылман азаматтарының тиімді тұрғын үйге қол жеткізулері үшін Ислам тұрғын үй қаржыландыру бағдарламасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Осы мақсатта Сиэтл мэрі тұрғын үй саласындағы коммерциялық ұйымдарды, қаржы компанияларын, мұсылман дін қызметкерлері мен кәсіпкерлерді шақырып, мәселені тиімді шешу тетіктерін талқыламақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.07.2015
3965
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру