Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман қызына 25 000 $ өтемақы төленетін болды

24.07.2015 3685 0 пікір
Мұсылман қызына 25 000 $ өтемақы төленетін болды

Америкалық Abercrombie & Fitch сауда компаниясы хиджаб кигені үшін жұмысқа қабылдамаған мұсылман қызына өтемақы ретінде 25 000 доллар төлейтінін мәлімдеді.

АҚШ-ның Жоғары Соты аталмыш компанияны Саманта Эляуфпен алғашқы сұхбаттасудан соң кері қайтарғаны үшін айыпты деп таныған. Алғашында директор орынбасары мақұлдағанымен, кейіннен Самантаны жетекші маман керексіз деп тауып, жұмысқа қабылдамайтынын айтқан.

Сот шешімінен соң Abercrombie & Fitch компаниясында қызметкерлердің хиджаб киюіне тыйым салынбайтын болды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру