Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам дінін қабылдаған топ-модель

23.07.2015 4227 0 пікір

Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде танымалдылыққа ие болған 29 жасар Феликсия Йип есімді топ-модель ислам дінін қабылдап, мұсылманшылыққа бет бұрды.

Феликсия Йип әу баста католиктік шіркеуге барып христиандықты түсінгісі келгенін, онан кейін буддалық сенімге де бой ұрғанын жасырмады. Алайда, сәнгер қыздың жүрегін ешнәрсе селт еткізбепті.

Осындай күндердің бірінде оған мұсылманша қыз-келіншектер киім үлгісінің фотосессиясына түсу туралы ұсыныс келіп түседі. Бұл күн Феликсияның өміріндегі шешуші сәт болды. Ол ислам дініне ерекше ықыласпен қарап, өзі де көп ұзамай шариғат шәлісін тарта бастады. Бірнеше айдан кейін Ислам дінін қабылдағысы келетіндігін айтып, кәлимамен мұсылманшылыққа келеді. Тіптен, күні кешеге дейін Playboy секілді журнал жарнамасына түскен Феликсия Йип бүгінде ораза ұстап, Құран оқиды. «Ислам – өмірімнің мәні. Мен осы киімде өзімді қорғанышты сезінемін. Маған ер азаматтар сыпайы әрі байыппен, әдеппен сөйлейді. Бұрындары мен ер адамдар үшін жай ғана қызығушылық тудыратын тәннен тұратын зат секілді көрінетінмін» дейді ол. Феликсия Йип белгілі мұсылман кәсіпкеріне шариғат шартына сай ақ некесін қидырып, тұрмысқа шықты. 

 

 

e-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру