Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Р.Ердоған: «Терроризмнің діні мен ұлты жоқ»

23.07.2015 3732 0 пікір
Түркияның Суруч қаласында жазықсыз жандардың өмірін қиған терактіге байланысты бірқатар елдер мәлімдеме жасады. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун аталмыш уақиғаға қатысы бар адамдардың барлығы да жазасыз қалмайтынына сенімді екенін жеткізді.

Әзірше Суручта орын алған терактіні ешқандай лаңкестік ұйым өз мойнына алмағанымен, Түркия билігі бұл  істің ИШИМ тарапынан келгеніне күмәні жоқ.  Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу әлемді бейбітшілікке, ИШИМ-ге қарсы бірігіп күресуге шақырды.

Түркия президенті Реджен Тайып Ердоған өз кезегінде терроризммен халыаралық деңгейде күрес жүргізу керектігін баса айтып, «Террорлық қайдан, қалай пайда болғанына қарамастан онымен түбегейлі күресу керек. Себебі террористің діні де, ұлты да, отаны да жоқ» деп мәлімдеді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру