Рамазан айының соңғы он күндігінің кіруіне орай Мекке мен Мәдинадағы мешіттерде мыңдаған мұсылмандар иғтикаф құлшылығын орындауда.
Мәдина қаласындағы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) мешіті биылғы оразада 15 000 адамға құлшылық етуге мүмкіндік береді. Қала билігі ресми сайт бойынша иғтикафқа өтініш берген азаматтардың мөлшеріне қарап, мешіт сыйымдылығын екі есеге арттыру туралы шешім қабылдаған.
Ал, Меккеде иғтикаф етемін деуші мұсылмандарға өздерімен бірге тазалыққа қажетті заттарды алып жүру туралы кеңестер берілді. Бұған қоса, «әл-Харам» мешітінде ауа баптағыш құрылғылардың қосылып тұруына байланысты жылы киімдермен болу керектігі де хабарландырылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.07.2015
4153
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру