Берлин. ─ "Ислам діні Германияның бір бөлшегі әрі хақ дін неміс жерінде мәңгілік қалады" деп мәлімдеді Германия канцлері Ангела Меркель.Оның бұл сөзі мұсылман қауымына арналған ауызашар салтанатты кешінде айтылды. Германия мұсылмандарына арналған ауызашарды Федералды үкіметтің уәкілетті органы ұйымдастырды деп хабарлайды World Bulletin.
Ауызашар кешінде А.Меркель мұсылман ұйымдарымен қарым-қатынасты нығайту бойынша жаңа шаралар қабылданатынын, сондай-ақ ислам атынан жүргізіліп отырған күштеу-зорлау әрекеттеріне қынжылатынын жеткізді.
Меркель кезекті рет жекелеген тұлғалардың әрекеттері арқылы мұсылмандар мен Ислам дініне күйе жағуға қарсы екендігін білдірді.
Германия үкімет басшысы елдегі мұсылмандардың басым көпшілігі заңға құрмет көрсете білетін азаматтар екенін айтып, кез келген дінге, синагога, мешіт не шіркеуге қатысты вандалдық әрекеттерді айыптады.
ummet.kz-ақпарат
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.07.2015
4034
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру