
Уэльс астанасындағы мектептердің бірінде ұстаздық ететін Эндрю Боджин мұсылман оқушыларының рамазан айындағы қайырымдылық шараларына сүйсінгені соншалық, өзі де ауыз бекітіп көруге бекінген. Осылайша, ол Ислам дінін жақынырақ танып, терең түсінуге тырыстым дейді.
«Біз бұны оқушыларымызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға және қайырымдылық шарасына біріге қаржы жинау үшін жасап жатырмыз», – дейді Кельт академиясында ұстаздық ететін33 жасар Эндрю. Оқытушы өзінің шәкірттеріне алғысын білдіріп, қоғамның оларға қолдау көрсететінін жеткізді.
Боджин мен бірге оның бірнеше әріптесі де ауыз бекіткен көрінеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2015
3639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру