Нью-Джерси штатының 17 жасар мұсылман қызы өз мектебіндегі жоғары сынып оқушылары арасында ең жақсы үлгіде киінген оқушы болып танылды.Шығу тегі палестиналық Абрар Шахин есімді қыз күнделікті оқу үдерісінде мектеп үлгісіне сай формада, сондай-ақ өзіне сай орамалын да таққан. Осылай бола тұра оның киімі ешкімге кедергі етпестен, қоршаған орта тарапынан сыйластыққа ұластырып, нәтижесінде үздік оқушы атына лайық болып отыр.
«Мұндай конкурстарда негізі заманауи киім киген қыздар жүлделі болушы еді. Өзім де таң қалдым» дейді Абрар Шахин.
А.Шахин мектепті бітірісімен, университетке тапсырып, физиотерапия мамандығын меңгермек ниетте. Сондай-ақ, киім өндірісі компаниясын ашсам деген асқақ арманы да бар.
«Абрар әрдайым сәнді жарасымды киінеді және қатарластарынан еш қысылмай, өзін еркін ұстайды» дейді мектеп мұғалімдері.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2015
3992
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру