Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандар шіркеуді қалпына келтіруге қол созды

01.07.2015 3581 0 пікір

Миссиссога қаласы (Канада) мұсылман қауымдастығы бұзақылар тарапынан қорлауға ұшыраған христиандардың мінәжат үйін қайта қалпына келтіру жұмыстарына көмекке келді.

«Осы бассыздықты істеген адам інжіл кітабын жыртып, құрбандық орнын қиратқан. Бұл – нағыз әділетсіздік» деді Ислам орталығының имамы Хамид Слими Toronto Star басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш католик шіркеуі өткен айда вандалдық әрекеттің құрбанына айналған еді. Белгісіз біреулер шіркеудің ішін ғана емес, сыртқы қабырғаларын да бүлдірген.

Осы уақиғаға бей-жай қарай алмаған Слим имам мұсылман жамағатынан христиандарға көмек беру керектігін хабарлайды. Мұсылмандардың ауызбіршілігі бір тәулік ішінде 5 000 доллар қаражат жиюға мүмкіндік берді. Осы қаржының чегін имам Хамид Слими шіркеу өкілі Камило Ландоға табыстады. Өз кезегінде К.Ландо мұсылман халқына шексіз алғысын айтып, ризашылығын білдірді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру