
Сауд Арабиясы алдағы уақытта «Умра плюс» бағдарламасын іске қосатын болады. Бұл бағдарлама бойынша, енді ұмра жасауға келген шетелдік азаматтар елді аралап, туристік нысандармен танысуға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда кіші қажылыққа келгендерге тек Мекке мен Мәдина қалаларын ғана зиярат етуге рұқсат етілген.
Саад ал-Қурайши транспорт комиссиясының мүшесі бұл жайында: «Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы біз кіші қажылыққа келген халыққа елдің басқа да көрікті жерлерін көрсетіп, туризм саласын дамытуға күш саламыз. Бағдарлама бағасы ұмра жасау кезінде белгіленеді. Яғни, егер ұмра бірінші дәрежелі пакетпен жабдықталса, онда сәйкесінше зиярат ететін туристік жерлер де көп болады», – дейді.
Қазіргі таңда Сауд Арабиясы туристік бағытты дамыту көзделіп отыр. Осыған байланысты елдің барлық қалаларында туристерге жағдай жасалып, қонақ үй құрылыстары басталып кетті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2015
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру