Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласына Филиппин мемлекетінен келген ондаған дәрігер шаһардағы мешіттердің бірінде оқылған тарауих намазынан соң, Ислам дінін қабылдады.
Бір күнде барлығы мұсылман атанған филиппиндіктер Эр-Рияд қаласындағы король Абдулазиз атындағы университеттің ауруханасында қызмет атқаратын көрінеді.
Мешіт имамы Турки Кылайви қатарларына қосылған жаңа бауырлары жайлы сүйінші хабарды тарауих намазынан соң жамағатқа жариялаған көрінеді. Осылайша, қалың көпшілік алдында олар бір Аллаға иман келтіріп, кәлимә шаһада айтқан. Бұдан соң саудиялықтар қатарларына қосылған бауырларын алма-кезек құттықтап, тіпті суретке түсіп, әлеуметтік желіге таратқан.
Мешіт имам бұл оқиға жайында: «Бұл біздің мешітке келушілер үшін үлкен қуаныш болды. Мен сіздерді мақтан етемін және мұндағылардың барлығы да сіздерді құшақ жая қарсы алады», – деп лебізін білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.06.2015
4103
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру