Канада премьер-министрі Стивен Харпер өз өмірінде тұңғыш рет мұсылман жұртшылығының ауызашар кешіне қатысты. Ол бүгінгі қоғамда мұсылман халқына деген теріс пікірлерді ауызашар рәсімін өз резиденциясында жасау арқылы бір сейілткендей болды.
Ауызашарда премьер-министр Харпер өзінің ресми резиденциясының барша канадалықтарға ашық екенін айтып, мұсылмандардың ауызашарынан дәм татуға шақырды.
«Өзге де халықтар секілді, көптеген мұсылмандар елімізге бостандық, үлкен мүмкіндіктер мен жылы қарым-қатынас болады деп келді» деді ол өз сөзінде.
Дегенмен, Канада премьер-министрін радикалды ағымдар мен экстремистерге шектен тыс назар аударуы мұсылман халқы туралы теріс пікірлер қалыптастыруына жол беретінін алға тартқан Канада қоғамы үкімет басшысын бірнеше рет сынға алған еді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.06.2015
3910
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру