Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айдың туғанын көрген Мекке тұрғыны сый-сияпатқа ие болады

17.06.2015 3873 0 пікір

Сауд Арабиясы Жоғары үкіметі ел тұрғындарын алдағы уақытта Қасиетті Рамазанның айын бақылауға ат салысуға шақырды.

Үкімет алдағы сейсенбі күні айдың шыққанын бинокльмен немесе басқа да құралмен көрген адам жедел түрде жергілікті әкімшілікке хабарлауды өтінді.

Осындай игі іске кімде-кім ат салысып, дер кезінде ақпарат беретін болса онда мұсылман ретінде үлкен сауапқа кенеліп, шынайы ықыласы үшін үкімет тарапынан сый-сияпатқа ие болады. «Бұл өз кезегінде барша мұсылмандарға қол ұшын берген болып саналады» делінген Сауд Арабиясы Жоғары үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру