Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айында 2 млн адамға тегін ас таратылады

10.06.2015 3962 0 пікір

Біріккен Араб Әмірлігінің королі Халиф бен Заед Әл-Нахаян атындағы қайырымдылық ұйымы қасиетті рамазан айында 2 млн адамға тегін тамақ тарататын болады.

Бұл үшін рамазан кезінде ел аумағында 105 тамақтану орталықтары жұмыс істейді. Орталықтың есігі ақшам намазынан соң айқара ашылып, кез келген жан қалауынша тамақтана алатын болады. Сондай-ақ, арнайы дорбаға салынған күйі шет елдерге де жөнелтілмек.

Ел королі шейх Халиф атындағы қайырымдылық ұйымының бұл игі шарасы осымен сегізінші жыл өткізіліп келеді. Биылғы жылғы таратылатын тағам БАӘ-нің байырғы тұрғындары болып саналатын 600 жанұяның атсалысуымен дайындалады.

«Бұл шара өте ауқымды. Оны бірден орындау қою да қиын шаруа. Сондықтан да біз ел тұрғындары мен мейрамхана, асханалар желісінің көмегіне сүйенеміз», – дейді ұйымның бас директоры Мухаммад Хаджи әл-Хури.

Қасиетті Рамазан айында БАӘ-терінде бұндай қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылады. Тегін тамақтандыру, қайырымдылық шараларын қаржыландыру, азық-түлік пен басқа өнімдердің арзандауы секілді әрекеттер бұл айда, тіптен, көбейе түседі.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру