Қасиетті Мекке шаһарындағы Харам мешітіне қайта жөндеу жұмыстарынан соң 1,85 миллион жан сиятын болды. Бұл жайында ел королі Салманның мешітке келген сәтінде жауапты қызметкерлер мәлім етті.
Мәдениет және ақпарат министрі Адель Ат-Туфайфидің айтуынша, мешіт пен оның ауласын, матаф (Қағбаны айналып, тауап жасау) аймағын кеңейту жұмыстары нәтижесінде құлшылық ордасының жалпы ауданы 1,47 млн шаршы метрге жеткен. Құрылыс жұмыстарының соңғы, яғни үшінші кезеңі аяқталғанда, қасиетті Қағбаны бір мезгілде 107 000 жан айнала алатын болатын көрінеді.
Бұл құрылыс жұмыстары Қағба тарихындағы ең ауқымды болып табылады. Құрылыс барысында сервистік станция мен экологиялық тұрғыдан таза болып саналатын ауа желдеткіштері, су жүйелері, 12 500 дәретхана мен қоқыстардың өңдеу қызметтері де қоса жөндеуден өткізіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2015
3812
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру