Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айға дайындық

03.06.2015 3689 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан өкілдінің ұйымдастыруымен «Облыстық орталық мешітіде» қала имам-молдаларының кезекті жиыны болып өтті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султановтың жетекшілігімен өткен жиындағы күн тәртібінде бір ғана мәселе қозғалды. Алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына әзірлік жұмыстары пысықталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ораза күндерінің кестесі, айтылатын уағыз-насихаттар, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру жоспарын талқылады. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің бұйрықтарын, тапсырмаларын имам-молдаларға таныстырып алдағы қасиетті айда жұмылып қызмет атқаруға шақырды.

Орал облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру