Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажыларға арналған электронды білезік таратылады

27.05.2015 4317 0 пікір

Сауд Арабиясы Қажылық министрлігі Меккеге қажылыққа келген мұсылмандардың барлығына өзі жайлы ақпарат беретін электронды білезік тағуын міндеттейді. Бұл жайында Al Arabiya хабарлап отыр.

Сауд Арабиясы Ішкі істер және Қажылық министрлігі аталмыш бастаманың тиімділігін тексерістен өткізді. Енді аталмыш ведомства осы жобаны іс жүзінде қолдануды көздейді.

Электронды білезік ең алдымен су өткізбейтін материалдан жасалған. Ондағы штрих кодта әр адамның жеке деректері, қайдан келгені туралы мәліметтер және медициналық анықтамасы сақталады.

Штрих кодты бір ғана рет сканерлеу арқылы қажылыққа келген адам туралы барлық ақпаратты алуға болады.

Айта кетейік, аталмыш білезік қажыларды анықтау мәселесінде жергілікті билікке тиімді болуымен қатар, әрбір қажы үшін де оңтайлы болмақ. Онда білезік таққан әр мұсылман GPS жүйесін қолдана алады, сондай-ақ намаз уақыты мен құбыла бағытын анықтау мүмкіндігі қарастырылған.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру