2015 жылдың 22 мамырында Мәскеуде өтетін VI Moscow Halal Expo халал-индустрия көрмесі аясында «Ең үздік халал-өнім» байқауы өтеді.
Бұл сайыстың ерекшелігі – тұңғыш рет аяқ басқан келушілердің өзі арнайы сарапшылармен бірге дегустацияға қатысып, үздікті анықтауға ат салысады. Шара биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.
Үстіміздегі жылы өтетін байқау он номинацияны қамтиды: құс еті, ет деликатестері (шұжық өнімдері), консервілер (ет өнімдері), ет жартылай фабрикаттар (тұшпара т.б), балық өнімдері, сүт өнімдері, өсімдік майы, шәй, кондитерлік өнімдер, сусындар.
Бақ сынау үшін Мәскеу облысынан, Пензенск облысынан, Самара және Самара облысынан, Дағыстаннан, Челябинск облысынан, Ставропольск өлкесінен және Ресейдің басқа да аймақтарынан, Малайзия және Әзірбайжан елінен өтініш берілген екен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.05.2015
4415
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру