Жапония астанасы Токио қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірі мұсылман студенттер үшін университет асханасының мәзіріне адал ас түрлерін енгізді.
Japan Times ақпарат орталығының хабарлауынша, Токиодағы София университетінде білім алатын мұсылман студенттер енді түскі астарына адал гамбургерлер мен күріш қосылған тауық етін талғажау ете алады.
«Осыған дейін түскі асымды дүкеннен сатып алып жүретінмін, – дейді Индонезиядан келген Панджи Пурди есімді студент. – Ондағы баға да қымбат болатын. Ал, асханамыздағы адал астың бағасы арзан әрі өте дәмді».
«Біздің университетімізде студенттердің дені шет елдерінен келіп оқитын жастар болғандықтан, оларға ыңғайлы орта қалыптастыруға тырысамыз», – дейді оқу ордасының баспасөз орталығы.
Айта кетейік, адал ас мәзірін 2010-жылы Токио университеті қолданысқа енгізген болатын, ал 2014-жылдың қаңтар айында Яманаши университетінің асханасы да өз мәзірін өзгерткен болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2015
4197
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру