Өткен аптада Сауд Арабиясының Мадина шаһарының әмірі, тақ мұрагері Фейсал Салман әл-Саудтың қолдауымен Халықаралық көрме болып өтті. Әлемнің 60-тан астам мемлекеті қатысқан айтулы шараға Сауд Арабяисында білім алып жатқан қазақстандық студенттер де қатысып, дархан халқымыздың даналығы мен даралығын паш етті.Мадина қаласындағы оқитын студенттердің басшысы Акбаржан Исмаилтегі бұл көрмеге ерекше дайындалғандарын айтады. Мадина қаласында оқитын басқа студенттердің басын қосып, көрмеге қазақ үйін тіктіріп, ұлттық нақыштағы дүниелер әшекейлеген. Арнайы осы көрме үшін олар Қазақстаннан қазы-қарта, қымыз секілді ұлттық тағамдарымыз бен шапан, бөрік сынды ұлттық киім үлгілерін алдыртқан екен.
Осылайша, аталмыш көрмеге зор дайындықпен қатысқан студенттеріміз қазақ үйіне қоса, Хан шатырын да тіккен көрінеді. Екі үйді де ұлттық тағамдарымыз бен тәттілерге толтырып қойған қазақ жастары олардың барлығын өзіміз дайындадық дейді. Тігілген қазақ үй ішінде жалпы еліміздің көрікті жерлері мен жетістіктері, Елбасы мен Астанамыз жайлы, Дінбасы мен Діни басқарма жайлы көрнекілік құралдарын да арнайы даярлаған. Сондай-ақ, қазақ жастары бірнеше тілде қонақтарға жалпы еліміз жайлы, жақында болатын Ехро-2017, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы мен Әлемдік діндер съездін өткізетінін мақтанышпен таныстырып отырған.
Қазақ жастары тіккен үйге Мадина қаласының әмірі Фейсал бин Салманның өзі бас сұғып, қазақ үйінің құрылысына таңданысын білдірді. Қазы-қартадан ауыз тиіп, қымыз ішкен қала әмірі қазақы шапанға да қатты қызығушылық танытқан. Тақ мұрагерінің иығына қазақ жастары шапан жауып, халқымызда сыйлы қонаққа ат мінгізіп, шапан жабатын қонақжай салты туралы да айтылды.
Көрме аясында алыстан көз тартқан қазақ үйіне Мадина Каласындагы Ислам Университетинин ректоры Ибрахим Ал-Убайд жане Таиба Университетинин ректоры, доктор Аднон Ал-Мазру, Сауд Арабия Ғұламалар кеңесінің мүшесі Абдулазиз Ал-Фаузан және басқа да мемлекеттердің елшілері мен көптген ғалымдар бас сұғып, қазақстандық жастардың дайындығын жоғары бағалап жатты.
Өз кезегінде қазақстандық студенттер еліміздің Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Данабекұлы Батыршаевтың сіңірген еңбегін жоғары бағалап өтті. Елшіліктің қазақ жастарына көрсетіп жатқан қамқорлықтарына айта келіп, осы көрмеге қатысуларына мүмкіндік туғызғаны үшін өз алғыстарын да жеткізді.
Төрт күнге созылған (3күн – ер адамдарға, 1күн – әйел адамдарға) көрме сайысында 60-тан астам мемлекет арасында Қазақстан жастары 4-орынды иеленді. Айта кетейік, 2014-жылы дәл осы Халықаралық көрмеде Қазақстан жастары І-орын алған болатын.
muslim.kz









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.05.2015
4551
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру