Мекке қаласындағы Харам мешітінің аумағын кеңейту жұмыстары барысында жаңа матаф пайда болатыны белгілі болды. Ескерте кетейік, қасиетті Қағбаны айналып, тауап қылатын аумақ матаф деп аталады. Енді оның жаңа сыйымдылығының арқасында бір сағат ішінде 100 000 адам тауап жасай алады.
Қазіргі уақытта Харам мешіті аумағындағы коммунальдық ғимараттар, әкімшілік кеңселер, қауіпсіздік жөніндегі штаб квартиралар, азаматтық қорғаныс, Денсаулық сақтау департаменті мен басқа да мекемелерді жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл турасында қос мешіттің істері жөніндегі басқарма директоры Султан әл-Куреши мәлімдеді. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызына жуығы аяқталып қалған.
Қасиетті Рамазан айына қарай Харам мешіті аумағындағы саябақтар мен ойын алаңдары аяқталады деп жоспарлануда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2015
4005
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру