Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Германия хақ дінге ден қойды

28.04.2015 4241 0 пікір

Неміс елі имамдардың білімін жетілдіруге ден қоя бастады. Ел үкіметі осы қадам арқылы діни экстремизмнің алдын алуды қолға алып отыр. Енді Германияда ислам біліміне христиан және еврей дінінен кем көңіл бөлінбейді. Яғни, мемлекет тарапынан қажетінше қаржыландырып, діни кадрлардың әлеуетін көтеру ісі жолға қойылмақшы.

«Ислам теологиясы, философия мен психология туралы нақты білім бағдары, сондай-ақ, дискуссия мен дискурсты жүйелі түрде жетілдіру дін атын жамылған ағымдарға тойтарыс беретін бірден бір жол» дейді Франкфурт университеті оқытушысы Гарри Харун Бехр.

Айта кетейік, осы мақсатты Германия билігі мемлекеттік беделді университеттерде ислам дінін оқытатын 4 орталық ашуға 20 млн еуро қаржы да бөліп үлгерді. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру