Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әл-Азһар шейхы Канададағы мешітке имам болды

27.04.2015 4044 0 пікір

Әл-Азһар шейхы Канададағы мешітке имам болдыКанаданың Торонто қаласындағы Орталық мешіт Солтүстік Америкадағы ең беделді мешіттердің бірі болып саналады. Жақында осы мешітке Әл-Азһар университетінің түлегі, доктор Уаиль Шихаб имам болып қызметке ауысты. Шихаб бұдан бұрын OnIslam.net порталының пәтуалар бөлімін басқарған болатын.

Шихабтың Торонто қаласына қызметке келуін жоғары бағалаған мешіт имамы шейх Абдул Хамид былай деп пікірін білдірді: «Бүгін – Торонто мешіті үшін айрықша күн. Біздің мешітімізде енді жоғары білімді әрі тәжірибелі имам қызмет атқаратыны – мақтануға тұрарлық жайт».

Өз кезегінде доктор Шихаб Алла Тағалаға шүкіршілік қылып, мешіт басшылығына өз алғысын жеткізді.

www.muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру