Pew Research зерттеу орталығы 2050-жылы әлемдегі мұсылмандардың саны христиандарды басып озып, бірінші орынға көтеріледі дейді. Америкалық демографтар мен социологтар бұл жорамал жайында өз пікірлерін білдіріп, тақырыпты талқылауға кірісті.Коyрад Хакет есімді сарапшының айтуынша, мұсылмандар санының күн санап өсуі, ең алдымен, демографиямен байланысты. Ол келтірген деректер бойынша, мұсылман әйелі орташа есеппен дүниеге 3 бала (дәлірек айтқанда сандық көрсеткіші –3,1) әкеледі, ал христиан дініндегі әйелдерде бұл көрсеткіш 2,7-ні құрайды. Жалпы мұсылман емес әйелдердің туу көрсеткіші 2,3-тен аспайды.
Тағы бір басты ерекшелігі – мұсылман қоғамының жастардан құралғанында дейді сарапшылар. 2010-жылы әлемдегі мұсылмандардың орташа жасы 23-ті құраған. Ал, мұсылман еместердің жасы бұл кезде 30-дан асып түскен көрінеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2015
4283
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру