Тегі әзірбайжан британ мұсылман әншісі Сами Юсуф ислам әлемінде жүріп жатқан барлық қақтығыстарға нүкте қойып, соның салдарынан туындайтын жазықсыз балалар өліміне назар аударуды сұрады.
Ислам порталының мәліметінше, әнші өзінің Түркияға жасаған сапары барысында мұндай жанжалдар мен қақтығыстың зор қасіреті барын, әсіресе, жас балалар ауыр зардап шегіп жатқанын айтты. "Бұл өте ауыр қайғы және жанға бататыны – балалар өлімі", - деді Сами Юсуф.
Мұсылман әнші өз сөзінде бұл қақтығыстарды тезірек тоқтатып, соғыс жүріп жатқан аймақтардағы адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жедел түрде жеткізіп, танк үстіне емес, үстел басында жинала отырып тығырықтан шығу жолын іздестіру керектігін атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2015
3963
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру