Археологтар Мысыр елінің Ніл өзенінің батыс жағалауындағы біздің эрамызға дейінгі 3 мыңыншы жылдары Менес патша негізін қалаған тұңғыш астанасының «Ақ қабырғаларын» тапты.
Зерттеушілер қызықты қазба жұмысы барысында ежелгі дәуір орталығы құрылыстарының қабырғаларын ғана емес, су құбырлары желісін, әктас тақтайшаларын да кезіктірді. Айта кетейік, мысырлық мамандар бұл маңда көптеген жылдардан бері зерттеу, қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Әлемдік ғалымдар қоғамдастығы үшін аталмыш астананың «ақ қабырғаларының» орналасқан жері күні бүгінге дейін белгісіз болып келген еді.
«Мемсес – ежелгі қаланың аты, әуелгі уақытта қаланың бір ауданының атауы болып, кейін Египеттің "Инбу Хедж" (Ақ қабырға) атты б.э.д. 3 мыңыншы жылы Менес патшасының әмірімен салынған ірі орталығына айналды. Бұл қала Мысыр тарихында елеулі орын алған маңызды орталық саналды» дейді экпедиция өкілдері. Қазба жұмыстары ежелгі шаһар орналасқан Ком Туман аймағында жүргізілген. Қазіргі уақытта экспедиция архитекторы Дитар Айгнер көне дәуір құрылысы жобасын құрастыру үстінде. Ал Мысыр ежелгі ескерткіштері және мәдени мұралар министрі Мамдух ад-Даматидің айтуынша, бұл ғылыми жаңалықтың тарихи маңызы зор. Ақ қабырғалардың бөліктерімен бірге жоғары сапада жасалған пеш қалдықтары мен қола бұйымдары да қазба жұмыстарының жемісі. «Бұл Инбу Хедж немесе Ақ қабырға аталған Ежелгі Мысыр тарихында саяи, діни және экономикалық маңызға ие ежелгі Египет қаласы туралы таным-түсінігімізді құнды мәліметтермен толықтырады деп білемін» деді ад-Дамати.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2015
4615
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру