Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Италияда алғашқы Ислам университеті ашылды

19.04.2015 3818 0 пікір

Италияда алғашқы Ислам университеті ашылдыИталия мемлекетінің Лечче қаласында елдегі алғашқы Ислам университеті ашылды. Аталмыш оқу ордасының ашылуына осыдан үш жыл бұрын мұсылманшылық қабылдаған Джампьеро Халед Паладини есімді кәсіпкер демеуші болған.

Үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап Ислам университетінде дінтану сабақтары оқытыла бастайды. Ал, жақын арада университетте медицина және ауылшаруашылық факультеттерін ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, университет басшылығы кішігірім студенттер қалашығын тұрғызуды да жақын арадағы жоспарға енгізіп қойған көрінеді. Осылайша, барлық құрылыс жұмыстары аяқталған соң оқу ордасы 5 000 студентке дейін қабылдайтынын жеткізді.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру