Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубай дін қабылдаушылардың орталығына айналуда

16.04.2015 3885 0 пікір

Дубай дін қабылдаушылардың орталығына айналудаӘлемдік туризмнің орталығына айналған Дубай әмірлігінде жыл сайын қаншама жанның Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанатыны белгілі. Былтырғы жылғы көрсеткіштерді былай қойғанның өзінде, тек биылғы жыл басынан бері әмірлік бойынша 200-ге жуық түрлі ұлт өкілдерінен 500-ден астам жан мұсылманшылық қабылдаған.

«Кейбір жандар азан әуеніне елтіп, осында келіп мұсылманшылық қабылдап жатыр. Кейбірі намаз оқып жатқандарды көріп, қатты әсерленген. Ал, бәзбіреулер мұсылмандардың кішіпейілдігі мен қарапайымдылығына тәнті болып, дін үйрету орталығына келген», – дейді Діни ақпараттандыру басқармасының төрағасы Юсра Аль-Гауд.

2013-жылы әмірлік бойынша 2269 жан Ислам қабылдаған, ал 2014-жылы 2815 адам мұсылман атанған.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру