Өткен аптаның демалыс күндері Нью-Иорк қаласының мұсылман дәрігерлері мен осы мамандық бойынша білім алып жатқан шәкірттер Америка-Ислам қатынастары Кеңесінің жергілікті кеңсесі мен «Әл-Хакк» дәріханасы маңына жиналды. Квинс аймағындағы тұрғындарға арналған қайырымдылық-денсаулық жәрмеңкесіне өз үлестерін қосу мақсатында олар осы күні барлық келушілерге тегін медициналық тексерулер жүргізді.
Жәрмеңкеге келушілер бұл күні өздерінің қан қысымы мен қандағы қант құрамын өлшеткізіп, басқа медициналық көмектерге жүгінді. Аудармашылардың арқасында мұсылман дәрігерлері бұл күні бенгал, урду, хинди және испан тілінде сөйлейтіндерге өз жәрдемдерін ұсынды.
Америка-Ислам қатынастары Кеңесінің өкілі доктор Мохаммад Хади бұндай қайырымдылық шаралардың алдағы уақытта да көптеп ұйымдастыру керектігін атап өтті. «Бұл қадамдарды біздерді қоғамға жақындата түседі, олардың мұсылман бауырларының ынтасы мен еңбектері білгені маңызды», – дейді ол.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.04.2015
4156
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру