Ислам діні 2070 жылы әлемдік дінге айналады. АҚШ «Pew Research Center» зерттеу орталығы мамандары осындай тұжырымдама жасап отыр. Зерттеу нәтижесі бойынша 2070 жылы мұсылмандардың саны христиандардан асып түседі делінуде.
Аталмыш тұжырымдама әлемдік діндерге қарағанда мұсылмандардың демографиялық өсуі қарқыны әлдеқайда жоғары екендігін негізге алған. Иудаизм мен Индуизмды ұстанушылардың бала туу көрсеткіші әйел басына есептегенде 2,5 болса, христиандарда бұл көрсеткіш 2,7 құрайды. Ал мұсылмандарда 3,1 пайызды көрсетуде. Бұл демографиялық өсу әлемдегі ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Осылайша зерттеушілер 2050 жылы мұсылмандар мен христиандар санының теңеседі деген болжамға келуде. Ал 2010 жылғы деректерге сүйенсек, әлем халқының 31 пайызы – христиандар. Олар 2,2 миллиард адамды құрап отыр. Мұсылмандар 1,6 миллиард көрсеткішпен әлем тұрғындарының 23 пайызын құраған. Бүгінде әлем бойынша христиандар 31,4%-ды құраса, мұсылмандар 29,7%-ды құрайды. Ал 2070 жылдарда ислам әлемдік діндердің ішінде 1-ші орынға шығады деген болжамдар бар. Социологтардың пайымдауынша Ұлыбритания, Франция, Австралия секілді елдерде христиан діні басымдылық мәртебесін мүлдем жоғалтады делінуде. Ал 2050 жылы жер шарында халық саны 9,3 млрд-қа жетіп жығылмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.04.2015
4155
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру