Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Францияда мұсылмандардың ірі форумы өтеді

06.04.2015 3764 0 пікір

Францияда мұсылмандардың ірі форумы өтедіФранцияда Мұсылмандардың 32-ші форумы бастау алды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын форум биылғы жылы Париж маңындағы Ле-Буржеде ұйымдастырылады. Форум ұйымдастырушысы – Франция ислам ұйымдарының одағы.

«Форум аясында тек қана жастарға арналған бірнеше сауда павильондары ашылды. Форумға жасөспірімдер мен студенттер ұйымы да қатысып, белсенділік танытып келе жатқанын ерекше атап өткіміз келеді. Форумға Еуропа мен мұсылман мемлекеттерінің көптеген ғалымдары қатысып, өз баяндамаларын жасап жатыр», – делінген хабарламада.

Биылғы жылы форумға Еуропаның барлық елдерінен 200 000 қонақ келеді деп күтілуде. Түрлі кітаптар көрмесі, белгілі мұсылман ғалымдарының дәрісі форум жұмысын қызықты ете түспек.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру