Соңғы уақыттары Францияда ислам дінін қабылдап, мұсылман болған жандардың саны күрт өсіп келеді. Тіпті, Франция елінде Еуропадағы ең ірі ұйымның бірі ретінде ислам қауымдастығы болып табылады. Кейбір деректерге сәйкес, осы елде 6 миллионнан астам мұсылмандар (жалпы халықтың шамамен 8%) тұрады. Жергілікті француздар көптеген жылдар бойы өздерінің исламға деген қызығушылығын танытқан. Солардың бірі - философ Роже Гароди, ғалым Морис Букет, спорт ойыншылар Николя Анелька және Фрэнк Ривери, рэп орындаушы Диамс, саясаткер Максен Бут, режиссер Исабель Матик және т.б. ислам дінін қабылдаған.
Бұл елдегі исламға деген үрей идеяларының таралуына қарамастан Франция тұрғындары саналы түрде исламға таңдауларын жасауда. Дін мәселелері бойынша Франция Ішкі істер министрлігінің сарапшысы Бернар Годара «The New York Times» газетіне берген сұхбатында: "Әсіресе 2000 жылдан бастап, ислам дінін қабылдау аса белең алды", - дейді.
Кейбір деректерге сәйкес, шамамен 90 мың адам халқы бар Кретей қаласында орналасқан "Сахаба" мешітінде жыл сайын исламды шамамен 150 адам қабылдайды екен. Көптеген әлеуметтанушылар исламды қабылдауға итермелеген үлкен әсердің бір факторы ретінде атақты мұсылман футбол ойыншыларын атайды. Мәселен, исламды қабылдаған Николя Анелька және Фрэнк Ривери дінді берік ұстанып, халыққа тікелей әсерін қалдырған.
Францияда елге белгiлi адамдар мұсылмандар болып табылады және ислам қағидаттарын қоғамның назарына ұсынып, оларды насихаттаған көптеген жағдайлар кездеседі.
Роже Гароди – ХХ ғасырдың көрнекті ислам зияткері. Бұл Роже Гароди еуропа ойшылы студенттік кезден бастап, саяси орынға дейін марксизм идеологиясын ұстанды. Сол уақытта ол дінге қарсы көзқараста болған жан. Дегенмен ұзақ өмір сүрген ол (Гароди 98 жасында 2012 жылы қайтыс болған), уақыт өте келе өз көзқарасын қайта қарап, дін – ақыл мен жүрекке қорғаныс екенін ұғынып, бірқатар оң жұмыстарды жариялайды.
Роже Гароди: "Мен үшін ислам – жастық шағымда рухани ізденістердің жалғасы деп білемін. Мен атеистер отбасында дүниеге келдім, бұл маған өзінше бір артықшылығы болып табылды, себебі осы жағдайға келуім маған балалық шақтағы ой бостандығының әсері деп білем. Мен әлемді өзгертуге өз септігімді тигізе алатыныма және оны тәртіпке әкелуге күш бар екенін түсіндім", - дейді.
Бірнеше жыл бұрын атақты рэп жұлдызы, әнші Диамс да исламды қабылдап, бүкіл Францияны дүр сілкіндірген жаңалық жасаған еді. Эксклюзивті сұхбатында ол исламнан жан жұбаныш тапқанын айтады.
Франциядағы "Шарли Эбдо" газетінің редакциясына шабуыл жасалғаннан кейін француздардың исламға деген қызығушылығы өсті. Бұл құбылыс кездейсоқ емес. Алғашында ислам және мұсылмандарды жек көре бастаған адамдар кейін хақ дін екеніне көз жеткізіп, шындыққа қарсы тұра алмай, исламның ізбасарлары болған жағдайлар тарихта көптеп кездеседі.
Парижде болған оқиғалар, сондай-ақ қоғамдағы исламға байланысты өзге де қазіргі заманғы резонанстық құбылыстар, мұсылмандардың өмірін зерттеп, саналы адамдардың көзін ашуға мүмкіндік беретін серпінге айналды. Сол себепті Францияда және бүкіл әлем бойынша ислам діні кең көлемде насихатталып, қабылдаған адамдардың да саны күрт өсіп келеді. Міне, ислам ұстанымдары, мұсылмандардың шыншылдығы, өмір сүру салты, сабырлылығы, жалпы діннің әдемілігі Батыс қоғамын өзіне осылай еріксіз еліктірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2015
4333
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру